30.11.2021 жылы "Мейір-бейс" медициналық колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттермен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Мүсіров Сейдахмет, Кулжанова З., Боташева А. "Нұр" мешітінің өкілі Бекмуратов, "Жастар ресурстық орталығы" инспекторы Әлімқұлов Асхат қатысты. Кездесу еркін форматта өтті, студенттермен сұрақ жауап алмасты.


Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың қараша айының 19-жұлдызында "Тәуелсіздікке тарту" атты тақырыпта жастар арасында аудандық "Жайдарман" КТК сайысының "Маусымашар" "1/8" ойынына "Мейір-Бейс" командасы қатысып өз өнерлерін паш етті.
2021 жылы 18 қараша күні Төлеби аудандық музейдің ашылу күніне орай, "Құтты өлке қолөнер" атты тақырыпта өтетін іс-шараға "Мейір-Бейс" жоғары колледж сттуденттерін қадірменді қонағы болуға шақырып, тамаша көңілде қайтты.
Студенттік өмір жастардың ең көңілді, әсерлі, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Сол сәтті пайдаланып,Мб01-19қ,20 жқ топ студенттері арнайы концерт дайындады. Колледжіміздің студенттері мен оқытушылары қатысқан бұл концерт жоғары деңгейде өтті. Студенттер күні құтты болсын.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Төлеби аудандық музейінде "Көне тарихтың куәсі-құнды жәдігерлер" атты экскурсия ұйымдастырылып, колледж студенттері әсерлі көңіл күймен қайтты.