• Добро пожаловать!

2018 жылы 8-9 қараша жұлдызында «Мейір-Бейіс» Ленгер медициналық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтарына арналған «Арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі»тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға облыстық әдістемелік орталық басшысының орынбасары Султанбеков Орынбасар және орталық  әдіскері модераторы  Джаяқбаев Мейірбек басшылық жасады

    

Колледжде 1-4 курс студенттеріне мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” тақырыбындағы  Қазақстан халқына  жолдауы  талқыланды.

   

Ленгер медициналық колледжінде арнайы пән оқытушысы Абдулла Т.Д. ішкі аурулар пропедевтикасы пәні бойынша "Зәр шығару жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері" тақырыбында Мб 01-15қ тобымен ашық сабақ өтті.Сабақта СТО,интерактифті технология,болжам тренингі және бағдаршам бағалау әдісі қолданылды.Сонымен қатар оқытушы Османәлі А.Ж,емдік дене шынықтыру пәнінен Ф01-15қ тобымен "Классикалық массаж" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқытушы сабақ барысында емдік массаждың түрлерімен таныстырып тәжірибе жүзінде көрсетті және студенттер іс жүзінде көрсетіп берді.

       

13.10.18 күні колледжімізде  1-3 курс студенттер арасында студенттік кеңес ұйымының басшылығымен колледжішілік  “Біз талантты іздейміз” атты байқау өткізілді.

   

Колледжімізде 27.10.2018ж. "Күз ханзадасымен ханшайымы" тақырыбында Фм 01-16жо тобымен жетекшісі Ивашкова Ю.А. колледжішілік  мерекелік іс-шара өткізді..Жүлделі орындар бас жүлдені иеленген 1 курс студенттері Закирова Гүлжайнат,Аймағанбет Даулет. I орын:Абдукаим Ақниет,Ермахан Абылайхан.II орын: Арапбай Әсел,Сейтжаппар Бекболат.III орын: Лашкер Әділет,Абдулла Ұлдана.