• Добро пожаловать!

  15.12.2021ж Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. "Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл"  Ф02-20 қ топ студенттері мерекеге қарсы  концерт ұйымдастырып, алғашқы сөз кезегі А.М.Жанкал-ға берілді.Т.Рысқұлбековтың құрметіне арнайы көрініс көрсетілді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!

WhatsApp Image 2021-12-15 at 15.32.13.jpeg  WhatsApp Image 2021-12-15 at 15.31.19.jpeg

     "Тәуелсіздіктің Қазақстандық жолы: жасампаздық 30 жылы" бағдарламасы аясында ғылыми конференция болып өтті. Колледжімізден ғалымдар өз ғылыми жобаларын қорғап, |,||,|||-  дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оларды дайындаған ғылыми жетекшілері, арнайы "Алғыс хатпен" марапатталды. Сонымен қатар, жас ғалымдар өздерінің кітапшаларын колледж директорына ұсынды.

WhatsApp Image 2021-12-13 at 17.35.41.jpeg

 

  ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің Қазақстандық жолы" атты жасампаздықтың 30 жылы халықаралық ғылым-тәжірбелік конференциясына Торгаутова Шолпан Аширалиевна тарих магистрі қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Тарих және этнология"  ғылыми орталығының  басшысының шақыруымен "Мейір-Бейс" жоғары колледж студентттері өз ғылыми ізденістерін баяндап, арнайы сертификаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-12-03 at 19.38.47.jpeg  WhatsApp Image 2021-12-03 at 19.38.51.jpeg 

      Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттер арасында "Бүгінгі заманның құндылығы неде?" тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өте жоғары дəрежеде өтті. Колледжімізден Тұрлыбай Жасұлан мен Қуанышбай Даурен қатысты. Сол орайда, Турнир жаңалығы номинациясына- "Мейір-Бейс" жоғары колледжі иеленді Облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан  студенттеріміз алғыс хатпен оралды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 11.50.41.jpeg

    30.11.2021 жылы 1-4 курс студенттері  және колледж оқытушыларының қатысуымен "Елі сүйген, елін сүйген- Елбасы" тақырыбында , 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне ерекше іс-шара болып өтті. Оның ішінде ән,би және де Елбасымыздың өмір жолынан үзінді көрсетілді.Ф01-21қ және Мб01-21 қ топ студенттері дайындаған ашық тәрбие сағаты  жоғары деңгейде өтті.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 17.16.51.jpeg  WhatsApp Image 2021-11-30 at 17.17.44.jpeg