• Добро пожаловать!
Құрметті аудан тұрғындарының назарына!!!
Ағымдағы жылдың 25 сәуір және 20 мамыр күндері аралығында «Абайлаңыз-балалар!» атты кең ауқымды республикалық  жедел профилактикалық іс шара өткізілуде. 
Аталған шараның  мақсаты балалардың қатысуымен болған  ЖКО себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне жадынамалар таратылады.
 
WhatsApp Image 2021-12-07 at 10.49.11.jpeg  WhatsApp Image 2021-12-07 at 10.49.11 (1).jpeg
Колледжіміздің 10 жылдық мерейтойына арналған экскурсия 
- Түркістан қаласынан басталды.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
#Мейр-Бейс #Мейір-Бейс #колледж #ленгер #туркестан
 WhatsApp Image 2022-04-17 at 10.31.44.jpeg WhatsApp Image 2022-04-17 at 10.31.42.jpeg

 "Мейір-Бейс" жоғары колледжінің 10 жылдығына орай, «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен "Мейір-Бейс " колледжінің студенттері бүгін аулаларды санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жобасына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.

WhatsApp Image 2022-04-05 at 14.23.56 (1).jpeg WhatsApp Image 2022-04-05 at 14.23.56.jpeg

🔴Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осыған орай колледжімізде кішігірім А.Байтұрсынұлы оқулары өтті. 1-3 курс студенттерінің арасында өткен бұл байқауда мәнерлеп оқу, жатқа айту және ақындық өнері бар студенттер арнайы мадақтамамен  марапатталды. ✅

WhatsApp Image 2022-04-11 at 18.25.23 (1).jpeg WhatsApp Image 2022-04-11 at 18.25.23.jpeg

        Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.  Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мерекесіне арнайы концерт өткізген Ф01-19қ 20 жқ және Ф02-19 қ тобына алғысымызды білдіреміз 

WhatsApp Image 2022-03-18 at 19.28.31.jpeg WhatsApp Image 2022-03-18 at 19.28.32.jpeg