• Добро пожаловать!

«Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастырумен ,республикалық желілік кестесіне сәйкес  «Түркістан облысында медициналық колледждеріндегі білім сапасы туралы» тақырыбында  «Денсаулық сақтау бағыты бойынша  Төлеби аудандық партиялық  топ комиссиясының мүшелірімен бірге "Мейір-Бейс" колледжінің ұжымымен танысып ,студент жастарымен кездесу өткізіп ,білім сапасының ,медицина саласындағы жағымды жаңалықтарымен бөлісу пікір алмасу мақсатында  кездесу ұйымдастырылды.

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастар жылына орай, "Жастар жылы" біз үшін үлкен мәртебе ."Ұлы даланың жеті қыры"атты тақырыбында студенттермен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.Осыған орай бұл іс-шараға Ленгер қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдукаймов Ордабек ағамыз,Төлеби аудандық білім бөлімінің маманы Қырбасаров Нұрлан ағамыз,Грецияда өткен самбо күресінің әлем чемпионы Набиев Мәди мырза,аудандық мәслихаттың депутаты Мақсат мырза,№2 Ш.Уалиханов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Пірмаханбет Санжар,аудандық кітапхана қызметкері Бахашова Сәуле ханым және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

    

"Мейір-Бейс" медициналық колледжімізде студенттермен оқытушыларға арнайы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз " тақырыбында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді

   

Төлеби АІІБ ның ЖПҚ ның полиция капитаны Н.О.Сейтмағамбетов  колледж студенттеріне кәмелеттік жасқа толмаған студенттерінің темекі шегушіліктің және қылмыстың алдын алу ережелерін және оны шектеу туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.