• Добро пожаловать!

5.03.2019 жылы ЖШС "Мейр-Бейс"колледжінде "Азаматтық қорғаныс" мақсатында төтенше жадайлар орын алған нақты "Жер сілкінісі" сақтық шараларын жүзеге асыру үшін сейсможаттығу өткізілді.Сейсможаттығуға колледж жеке құрамы студенттер  мен мұғалімдер толық қатысты.Колледж жеке құрамы жер сілкінісі кезінде толықтай қауіпсіз жерге эвакуациаланып жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді.

  

20.03.2019 ж Ленгер "Мейр-Бейс"колледжінде "Қош келдің,әз-Наурыз"атты үлкен мерелік іс-шара өтті.Мерекеде барлық топ студенттері дастархан жайып,Қыдыр ата бата берсе,мереке қалалық "Асыл әжелер"алқасынан Есенова Гүлназар Махмудовна бастаған әжелер "Тұсау кесер" "Бесікке салу" сияқты дәстүрлерді көрсеттіп,насихат жұмысын өткізді."Арқан тартысу","Асық ату","Қошқар көтеру" сияқты ұлттық ойындар өте тартымды өтті.Қошқар көтеруден I орынды  III курс студенті Солтыбаев Даурен алды.Мерекеде барлық ұлт өкілдері құттықтау сөздерін айтып,ортаға ән мен биден шашу шашты.Мерекеге қатысқан ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдірді.

  

Биология мен химия пәнінен өткен халықаралық Ломоносов олимпиадысының жүлдегерлері белгілі болды."Мейр-Бейс" медициналық колледжінің студенттерін құтықтаймыз.

 

Биология мен химия пәнінен өткен халықаралық Ломоносов олимпиадысының жүлдегерлері белгілі болды."Мейр-Бейс" медициналық колледжінің студенттерін құтықтаймыз.

 

Студенттерді патриоттыққа ,отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 14.02.19 күні ауған соғыс ардагерлер күніне орай «Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет» атты  тақырыбында 1-курс студенттерімен оқытушы  Н. Керімқұл  ұйымдасып колледжішілік іс-шара өткізді.Іс шараға арнайы қонақтар шақырылды Ж.Ергенов және Қ.Тазабеков ағаларымыз қонақ болып студенттерге тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды ерлікке баулу құрмет көрсету екендігін айтып өтті.